Италияда Паралимпиада ойындары өтіп жатыр

  • 10
  • 09.03.2026, 21:51

Әзірше Қытай құрамасының қарқыны күшті. Алғашқы екі күнде 8 алтын, 5 күміс, 4 қола иеленген қытай спортшылары жеке дара көш бастап тұр. Парабиатлоннан алғашқы алтын Америкалық Оксана Мастерске бұйырса ерлер арасында Украиналық Тарас Рад топ жарды. Спринттік қашықтықта да Украина жігіттерінің асығы алшысынан тұрып, жүлденің бәрін жиып алды. Ал жекелей сында қытай спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан құрамасының сапынан Ербол Хамиттов тәуір нәтиже көрсетті. Ол 27 үміткердің арасынан мәре сызығын алтыншы болып кесті. Парабиатлонның өзінен бір емес бірнеше жүлде сарапқа салынатыны белгілі. Яғни үміткерлер отырып және тұрып жарысудан бөлек, көз жанары нашар көретін спортшыларда жарыс жолына шығады. Паралимпиада ойындары 15 наурыз күні мәреге жетеді.