Алматыда гимнастикадан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған сайысқа Алматы мен Шымкент қаласынан және еліміздің көптеген облысынан 60 үміткер қатысуда. Ұлттық біріншілікте топ жарған спортшылар тамыз айында Словенияда өтетін әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды. Ал Қазақстан кубогының иегерлері қыркүйекте Түркияда жалауы желбірейтін халықаралық турнирде ел намысын қорғайды.
Спорттық гимнастика шеберлері үшін биылғы жылдың басты додасы – қазан айында жапон жерінде өтетін әлем чемпионаты. Ал Токио Олимпиадасына бір ғана жолдама бұйырды. Күн шығыс елінде Қазақстан намысын Милад Карими қорғайды.