Токио 2020: қазақстандық паралимпиадашы алтыннан алқа тақты
Давид Дегтярев 54 келіге дейін салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен алтын жүлде иегері атанды. Паралимпиадашы алғашқыда – 170, екінші рет – 172, ал үшіншісінде – 174 кг көтерді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды. Айта кетейік, Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастаған. Ол 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде 185 кг дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болған. Сондай-ақ 2018 жылы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленген.