18:00Эфирде: Мегахит «Паранойя»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» телеарнасы Лас-Вегаста өтетін бокстың трансляциясын көрсетеді

  • Категория: Спорт
«Хабар» телеарнасы Лас-Вегаста өтетін бокстың трансляциясын көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумнің жекпе-жегі 22 мамыр күні сағат 07:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

«QAZAQ STYLE» атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы бокстағы кезекті кездесуінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырық түйістіреді. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы «Resorts World» аренасында өтеді.

 «Хабар» Агенттігі спорттық трансляциялар және бағдарламалар бөлімінің басшысы Аскат Жақаев:

«Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл маңызды жекпе-жек болмақ. Ол белгілі промоутер Боб Арумның қол астында алғашқы марапатты жеңіп алуға мүмкіндік алып отыр. Боксшының Дэнни Дигмуммен болатын кездесуде өзінің шеберлігін көрсетуге зор мүмкіндігі бар».

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында өткізген. Онда қазақ боксшысы сегізінші раундта француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен жеңді. Дэнни Дигнум рингке соңғы рет ақпан айында шығып, алтыншы раундта отандасы Грант Деннисті нокаутқа түсірді.

Әлем көз тіккен жекпе-жекті 22 мамыр күні сағат 07:00-де «Хабар» телеарнасынан көріңіздер. 

Сондай-ақ...