Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуі мүмкін
Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдауы кезінде айтты. Кездесуде хоккейді дамытудың және кеңінен танытудың перспективалары, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы елімізде хоккейге қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мыңнан астам адам шұғылданады.