Елімізде Фунакоси каратэден ұлттық құрама жасақталады
Елімізде зор сұранысқа ие болып келе жатқан Фунакоси каратэден ұлттық құрама жасақталады. Бул туралы федерация өкілдері мәлімдеді. Тізім алдағы екі күнде Қазақстан чемпионатындағы спортшылардың нәтижесіне қарай дайындалады. Осылай мамандар күздегі әлем чемпионатына қатысуға ниетті.
Ел ішіндегі турнирде 5 пен 40 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы бақ сынайды. Ал оларға сайыс алдындағы шеберлік сағатын өткізу үшін шетелден спорт шеберлері шақыртылған. Арнайы семинарлар басталды.
Гүлнәр Төлегенова, Шымкен қаласы Фунакоси каратэ федерациясының президенті:
- 4 ережемен өткізіліп жатыр. Судиский, тренерский, технический, базовый. Қазақстанда Фунакоси каратэге қызығушылық артып жатыр. Бүкіл регионда федерациялар ашылып жатыр. Жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жозе Антонио, әлемдік ФШКҚ техникалық директоры:
- Мен 50 жылдан бері осы спортпен айналысамын. Бұл спорт адамда мінез қалыптастыра алады. Өз-өзін еркін ұстауға үйретеді. Мен Қазақстанға алғаш келіп тұрмын. Мұндағы спортшылардың дайындығы өте жоғары екен. Маған ұнап жатыр.