Астанада әскери спартакиада аясында шахмат жарысы өтті
Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының ұйымдастырған зияткерлік сайысқа Қазақстан Қарулы Күштері мен құрылымдық бөлімшелерден 50 аса үміткер қатысты.
Швейцариялық жүйе бойынша 2 күнге созылған жарыстың жекелей сынында подполковник Мұхамедәлі Байғұлов топ жарса, әйелдер арасында сержант Дана Рахымжанова ешкімге дес берген жоқ. Екінші топта майор Артұр Қарпеков алдына жан салмады. Қ
ыздар арасында Райхан Жақыпова жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда елде әскерилер арасында шахмат жылдам дамып келеді. Жалпы шахмат әуелде соғыс тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. «Сондықтан отандық әскерилердің шахматқа қызығушылығы көңіл қуантады», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.
Спартакаиада жеңімпаздары халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Арман Әбеуов, ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы:
- Курсант және әскери қызметшілер арасында, «Жас Ұлан» мектептері арасында шахмат федерациясымен бірге жарыстарды ұйымдастырамыз. Келешекте одан да қатты дамытамыз.