Хабар телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі анықталды

Көп ұсыныстың арасынан Қазақстанның жамбы ату және арқан тартыс федерацияларының президенті Еркебұлан Ілиясовтың компаниясы лайық деп танылды. Ол спорттық іс-шараға 1 млрд теңге бөлетін болды. Қаржы келесі аптада аударылады деп жоспарланған. Бүгін ұйымдастыру комитеті мен демеуші тарап қол қойған келісімге сәйкес бұл ақша ойынға қатысатын шетелдік командалардың әуе билеттерін сатып алу мен жарнама материалдарын таратуға жұмсалады. Сондай-ақ еріктілердің тамақтануы мен көлік шығындары да осы ақша есебінен жабылады. Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйектің 8-і мен 14-і аралығында Астанада өтеді.

Абылай Қондыбаев, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары:
-Ақшаның тағы бір біраз бөлігі ұлттық құраманың киіміне арналатын болады. Бұл халықаралық шараға әзірге 90-ға жуық мемлекет қатысатын деп ниетін білдірді. Әрине мұндай үлкен іс-шаралар демеушілерсіз өтпейді. Бұған дейін осы ойындардың бас серіктесі анықталған болатын.