Хабар телеарнасы

Көшпенділер ойынына қатысатын АҚШ спортшылары Астанаға келді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысатын АҚШ спортшылары Астанаға келді. Команда құрамында 9 адам бар. Олар қазақтың ұлттық ойыны көкпардан бақ сынайды. Америкалық ковбойлар бұған дейін де елімізде болып, біздің жігіттермен кездесу өткізген. Бірақ бұл жолы жарысқа мінетін жылқыларын әкеле алмапты. Сондықтан аттарды Қазақстан тарапы береді.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйектің 8 мен 13 аралығында өтеді. «Хабар» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Майкл Сейбор, АҚШ құрама командасының мүшесі:

- Менің көкпар ойынымен айналысқаныма 7 жыл болды. Қазақстан құрамасының мықты екенін білеміз. Ол командамен бұған дейін Астанада кездесу өткізген едік. Қалай дегенмен де, ойынға қатысатынымызға қуаныштымыз, әрі алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз.