Хабар телеарнасы

Паралимпиадашылар елге оралды

Олар Париж төрінде 9 медаль еншілеп, биыл рекорд орнатты.

Атап айтсақ, парадзюдошы Ақмарал Науатбек пен пауэрлифтинг шебері Давид Дегтяров алтыннан алқа тақса, Ерғали Шәмей, Нұрдәулет Жұмағали мен Еркін Ғаббасов күміс еншіледі. Сондай-ақ Жұрқамырза Шүкірбеков пен Даяна Федесова, Зарина Раифова мен Дастан Мұқашбековтер қолаға қол созды. Бұл –Қазақстанның паралимпиада тарихында бұрын-сонды болмаған жақсы көрсеткіш.

Жанкүйерлер спортшыларды елорда әуежайында қарсы алып, ерекше ықыласқа бөледі.

Ақмарал Науатбек, Паралимпиаданың алтын жүлдегері:
- Өте қуаныштымын. Әрине, мұндай қошемет болады деп ойлаған жоқпын. Өте көп қауым жиналған. Барлығына алғыс айтамын.

Зарина Раифова, Паралимпиаданың қола жүлдегері:
- Өте жоғарғы деңгейде өтті. Көңіл күй жақсы, бірақ өзімнің алтынға жетемін деп ниеттеніп барғанмын. Бірақ бары үш болып қалды. Оған да шүкір.