Хабар телеарнасы

Алматы облысында жасөспірімдер арасында шағын футбол турнирі өтті

Алматы облысының Іле аудандағы Ақши ауылында жасөспірімдер арасында шағын футбол турнирі өтті. Бұл жарысқа 9 команда қатысты. Нәтижесінде Ақсайдағы №16 мектептің командасы жеңімпаз атанды. Финалда олар «Күрті Ақши» командасынан басым түсті. «Ақши ауылының дзюдошылары» үшінші орынға ие болды. Шалғай ауылда ұйымдастырылған шағын футбол турнирінде «Үздік жанкүйер», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша да жүлделер табыс етілді.

Нұрлан Түймелиев, Іле ауданының құрметті азаматы:

- Шалғай ауылда өткізуге өз қолыма алдым. Себебі шалғай ауылда жергілікті спортты кеңінен таратуға ниеттеніп отырмыз.  Қазіргі болашақ жастарды біз тек қана спортпен тәрбиелеп, спортқа салсақ, еліміздің жасөспірімдері мықты азамат болып шығады деп ойлаймын.