Қарт Каспийдің жағасында Астана күндері өтіп жатыр
Құрамында шығармашылық пен іскер топ өкілдері бар 200 адамнан құралған елордалық делегация Маңғыстау өңіріне ауқымды бағдарламамен келді.
Астана кәсіпкерлері жергілікті кәсіпорындарды аралап, тәжірибе алмасуда. Әріптестерімен іскерлік кездесулер өткізуде.
Ал «Жастар» театры ақтаулық көрермендерге үш бірдей қойылым ұсынды. Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары Мемлекеттік академиялық филармониясы өнерпаздарының концерттерін де тегін тамашалауда. Сонымен қатар Ермек Тоқтаров, Семғали Смағұлов сынды үздік суретшілер мен мүсіншілердің туындылары қойылған көрме де өтіп жатыр.
Нарима Мұхамбеталина, Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Астана қаласының 20 жылдығына орай Астана қаласы өзінің үлкен бағдарламасын Қазақстанның барлық өңіріне паш етеді. Батыстан бастап, қыркүйекте Алматыда соңғы нүктесі қойылады. Ақтаудан кейін Ақмола облысына Көкшетау қаласына барамыз. Сонымен жалғаса береді.