Астанадағы №5 емхана соңғы 15 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті
№5 қалалық емхана соңғы 15 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Бұл іске 420 млн теңге бөлінген еді. Нәтижесінде ұйым ішінен жаңадан оңалту және шұғыл көмек бөлімдері ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қала шетінде орналасқан емхана 65 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Дегенмен әлі де учаскелік дәрігерлер мен педиатр жетіспеушілігі бар. Тапшылықты жою үшін жергілікті бюджеттен арнайы оқу гранттары бөлінеді.
Алтыншаш Табулдина, №5 қалалық емхананың бас дәрігері:
-Ремонт 6 айдың ішінде бітті. Бүгінгі күні сол ремонттың арқасында біз көптеген медициналық кабинеттер аштық. Оған құрылғылар алдық. Бірнеше рет жалақымыз көтеріліп отырды. Қазіргі уақытта кадрлардың жақсы құрамы жасалды деп айтуға болады.