Маңғыстауға мемлекеттің материалдық резервінен гуманитарлық көмек жеткізілді
Маңғыстауға Атырау облысынан көшірілген тұрғындарға 14 вагон кереует пен төсек жабдықтары жеткізілді. Бұл ел Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша мемлекеттің материалдық резервінен бөлінген көмек. Сондай-ақ Ақтаудағы өндіріс-логистика орталығы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұған дейін Атырау-Ақтау арасындағы тас жол жабылған күндері тауарлар теміржол арқылы тасымалданған. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жергілікті сауда нүктелерінде бақылау күшейтілген. Қазір эвакуация орталықтарында 1600-ге жуық адам тұрып жатыр.
Пікір Сансызбаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
-Қазіргі таңда мемлекеттік материалдық қорынан 240 тонна азық-түлік тауарлары келді. Оның ішінде 180 тонна бірінші сортты ұн өнімдері, 4 тонна макарон мен 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвакуациялық пункттерге қабылданған, өзге облыстардан келген адамдарға арналған.