Алматыда шахматтан халықаралық турнир өтті
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Беру Қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына орай шахматтан халықаралық турнир өтті. Бұл жарысқа 6 жастағы баладан бастап 60-ты алқымдаған ардагерлер де қатысты. Еліміздің бірнеше облысынан және Үндістан мен Ресейден келген 60 үміткер швейцариялық жүйе бойынша сынға түскен болатын.
Блиц шахматты жете меңгерген Ален Рахымжан алдына жан жалған жоқ. Екінші орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің намысын қорғаған Бақытжан Кембаевқа бұйырды. Қола жүлде алматылық Георгий Тарлавинде. Жарыста топ жарған спортшыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Дамир Шыныбеков, Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетінің ректоры, ұйымдастырушы:
- Осы турнирге арнайы Жансая Әбдімәлік келіп ашылу салтанатына қатысты. Осындай турнирлерді жыл сайын өтізетін боламыз. Бұл турнир негізінде жастардың арасында шахматты насихаттау, екіншіден «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Беру Қоры» біздің білім саласына 20 жылдың ішінде үлкен үлкес қосқан. Сондықтан осы қордың деңгейін көрсетіп, осындай турнир өткізіп жатырмыз.