Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаңа 2015 жылмен құттықтады

Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын оқиғалармен айшықталды. Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз белгілі, таңдауымыз айқын! Мақсатымыз биік! Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күре тамырына айналды. 

Қымбатты отандастар! Келер жыл – терең тарихымызға құқықтың негізінде берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін.

Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше алдағы қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін! Жаңа жыл құтты болсын ардақты ағайын!