Петропавлдық жастар жедел жәрдем қыз-келіншектерін құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұмыс істеген ақ халатты аруларға Жастар ресурстық орталығының белсенділері гүл шоқтарын тарту етті. Сонымен қатар ән салып, керемет көңіл күй сыйлады. Олар мерекеге қарамастан, кезекшілік етіп, аяқ астынан ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жүр. «103» қызметіне тәулігіне 200-ден астам қоңырау түседі. Қала бойынша бір мезетте 15 бригада қызмет етеді.
Александра Купцова, жедел жәрдем қызметінің фельдшері:
- Мен жедел жәрдем қызметінде 2 жылдан бері жұмыс істеймін. Бірақ осындай тосын құттықтауды бірінше рет көріп тұрмын. Бізді ұмытпай, көңіл бөлгендері үшін жастарға алғыс айтамын.