Хабар телеарнасы

Елордада 100-ге жуық балаға дәстүрлі Президент шыршасы өтті

Бүгін елорда төрінде 100-ге жуық балаға дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Оған аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, оқуда және спортта жетістігі балалар қатысты. Түрлі қойылымдар көрсетіліп, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы атынан қонақтарды оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады. Айта кетейік, Президент шыршасына елдің түкпір-түкпірінен арнайы келген балаларға 2 күндік бағдарлама ұйымдастырылған. Олар бас қаланың көрікті жерлерін аралап, жаңа жылдық спектакльдерді тамашалады.