Хабар телеарнасы

Спортшылар Ақ Азиадаға аттанды

Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, Нагано олимпиадасының жүлдегері Людмила Прокашева, шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Азия ойындарының ашылу рәсімінде спортшыларға еліміздің көк туы салтанатты түрде тапсырылды. Қысқы ойындардың ашылу салтанатында Қазақстан жалауын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Ел сенім артқан серкелер көпшіліктің алдында, спортшылардың атынан ант берді. Қазақ елінің намысын Азия ойындарында спорттың 6 түрінен 137 үміткер қорғайды. Спорт министрі Ербол Мырзабосынов қыз-жігіттерге сәттілік тілеп, сары құрлық бәсекесінің еліміз үшін маңызды дода екенін атап өтті.