Хабар телеарнасы

Елде сүт өнімінің қауіпсіздігі жіті бақылауға алынды

Елде сүт өнімінің қауіпсіздігі жіті бақылауда. Тек өткен жылы 30 рет зертханалық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, тиісті талапқа сай келмеген сүт өнімінің 14 мың үлгісі дүкен сөресінен алынып тасталды. Мамандардың айтуынша, техникалық ереже отандық және шетелдік өндірушіге ортақ. Мұндағы мақсат ел азаматтарын денсаулыққа зияны бар тауардан қорғау.

Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

-Жалпы техникалық реттеу біріншіден тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың техникалық регламенттерге сәйкестігін дәлелдеу. Бұл жерде қай мемлекеттік орган қай тауарға, қай кезеңде бақылау жүргізілгені көрсетілген. Біріншіден, өнеркәсіп тауарларына бақылау жүргізу біздің құзыретіміз. Азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылау және олардың техникалық регламенттерге сай болуына бақылау жүргізетін біздің денсаулық сақтау министрлігі.