Драматург Роллан Сейсенбаев студенттермен жүздесті
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевпен кездесті. Қаламгер жастарға өмірі мен шығармашылығындағы маңызды кезеңдерді әңгімелеп, кеңесін бөлісті. Автордың қаламынан «Аңсау», «Сағынып жеткен жаз еді», «Тау басында түйіскен жол» атты повестері, «Өмір сүргің келсе», «Трон сатаны» атты романдары жарыққа шыққан.
Роллан Сейсенбаев, жазушы:
-Біздер бүгін өнер адамдары, үлкен адамдар жастармен кездесу керек. Біз неғұрлым бұл жігіттермен, қыздармен жұмыс істейтін болсақ, онда біздің еліміз өседі, республика көтеріледі, рухани көтеріледі. Ең басты мәселе бұл рухани қасиеттерді молайту керек.