Хабар телеарнасы

Рождество бойынша барлық жаңалықтар

Президент Қ.Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Қ.Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент: «Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі. Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!», – деді Президент.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

«Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр. Мәңгілік рухани құндылықтар біздің елдегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде. Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!», – делінген құттықтауда.

Хабар жаңалықтары

7 қаңтар 2020 жыл - 12:00 жаңалықтар топтамасы

Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:

  • Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
  • Алматыда кафедральді собор қайта жөндеуден өткізілді
  • Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың ережесі өзгерді
  • СҚО-да АӘК бойынша 33 отбасының өтініші қабылданды
  • Мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеу бойынша құжаттар қабылданып жатыр