Кезінде тағдырдың тәлкегін тартып, тарыдай шашылған талай қазақ қазір әлемнің түкпір-түкпірінде жүр. Әйтеуір бекер жүрген жоқ.
Шара : соңғы жаңалықтар
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қалалық білім бөлімі «70 игі іс» атты шараны қолға алды. Қаладағы білім беру мекемелері соғыс ардагерлерін құттықтап, олардың өнегелі ерлік істерін өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Кешегі сұрапыл жылдарда Отан үшін от кешкен ержүрек сарбаздардың бірі - қостанайлық Телғара Әбенов ақсақал. Ол Кеңес әскері қатарында жеті жылдан астам борышын өтеді. Бейбіт өмірде де елге адал қызмет етті.
Фашизмге қарсы күресте Кеңес әскері қатарында талай қазақ жауынгерлері ерен ерлік көрсетті. Солардың ішінде көкшетаулық Елдес Қоңыров та бар. Бүгінде жасы 90-ға таяған қарт сарбаз, қоғам өміріне белсене араласып, жастарға ақыл-кеңесін айтып отырады.
1943 жылы небары 18 жасында майданға аттанған Нұрым Нұрқадіров алғашында Днепр жағалауында зеңбірек атуға машықтанады. Қару-жарақтың тілін жетік меңгерген соң Екінші Украина майданына аттанып, 318-атқыштар дивизиясының 70-артиллерия полкі құрамында шайқасқа қатысады.