Хабар телеарнасы

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында қар жауады

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында қар жауады

Қазақстанға келген терең және белсенді циклон 4 ақпанда оның аймағынан кетеді. Алайда онымен байланысты атмосфералық фронттар демалыс күндері ауа райына әсерін сақтайды. Сондықтан да республиканың көптеген облысында қалың қар жауады. 200-500 м-ге дейін ештеңе көрінбейтін боран, 17-25м/с қатты жел тұрады.