АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының 2016 жылғы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін «Хабар» және «24 KZ» арналарында эфирлік уақытты беруінің жалпы шарттары

 

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы – «Хабар» және «24 KZ» телевизиялық арналарының (бұдан әрі - Телеарналар) меншік иесі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнада эфирлік уақытты беру тәртібі және шарттары, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Эфирлік уақытты беру, Телеарналар бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес, бір тараптан Телеарналар меншік иесі және екінші тараптан саяси партия немесе саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініштер сайлауалды үгіттің алғашқы күні берілген жағдайда күнбе –күн , ал кейінгі күндері Телеарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Телеарнада болатын техникалық мүмкіндіктерге сәйкес Үгіт материалдарының жоспарлы эфирге шығу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 4 (төрт) күн бұрын әзірленеді.

 

Телеарналарда эфирлік уақытты беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтер, 50х50.  

2) хронометражы 90 (тоқсан) минуттан аспайтын арнайы репортаждар;  

3) хронометражы 15 (он бес) минуттан аспайтын өзге де Үгіт материалдары.

 

Эфирлік уақытты беру үшін негіз болып саяси партияның немесе саяси партияның уәкілетті өкілінің Телеарналар меншік иесінің басшысы атына жазған жазбаша өтініші табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге шығарылатын жоспарлы күні мен уақыты саяси партияның немесе саяси партияның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке төмендегі құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) партиялық тізім ұсынылатындығын растайтын құжаттың көшірмесі;

2) саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Үгіт материалдары сайлауалды үгіт басталған бірінші күні Телеарналар эфиріне кем дегенде 6 (алты) сағат бұрын тапсырылуы шарт, сайлауалды үгіт жұмыстарының кейінгі күндері жоспарлы шығуға дейін күнтізбелік 4 (төрт) күн бұрын беріледі және келесідей талаптарға сай болуы шарт: кодек MPEG2, Chroma 422, битрэйт 50 МБит/сек, секундына 25 кадр, 1920x1080 мүмкіндігі, кескін жаймасы interlaced, сызықтар құрылымының жүйесі – үстіңгі сызық бірінші (top field first), кадр арақатынасы 16:9; Аудио: форматы PCM, WAV, 24 бит, 48 kHz, дыбыс деңгейі - 12 ДБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-стерео арнаның сол жолағына түйістіріліп, ұқсас оң жолақты пайдалануға (жалған стерео) жол беріледі. Видео және аудио MXFOP-1a контейнерінде болуы тиіс. Бейнематериалдар сыртқы қатты дискіде беріледі.

 

Бейнетасығышпен бірге эфирлік уақытты беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтін беріледі, Үгіт материалдарында суреттері пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда ата-аналарының, қамқоршыларының, асыраушыларының жазбаша рұқсаты берілуі тиіс.

Үгіт материалдары қаржыландыру көздері, олардың төлемі туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпаратты қамтуы қажет.

Үгіт материалдарын берген саяси партиялар олардың мазмұнының авторлық және сабақтас құқықтар саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жеке жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

Телеарналардың меншік иесі Үгіт материалдары конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық және тектік алауыздық, қатыгездік пен зорлықты насихаттау, сондай-ақ заңнамамен көзделмеген әскерилендірілген құрамаларды құру идеясын қамтыса, оларды эфирге шығарудан бас тартады.

Телеарналардың меншік иесі Үгіт материалдарында партиялық тізімдерді ұсынған басқа саяси партиялардың ар-намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіре алатын ақпарат болған жағдайда, оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 

Үгіт материалдарын орналастыру құны мыналарды құрайды:

«Хабар» телеарнасында  1 минутқа ҚҚС қоса есептегенде 90 000 (тоқсан мың) теңге;  

«24 KZ» телеарнасында 1 минутқа ҚҚС қоса есептегенде 70 000 (жетпіс мың) теңге.

 

Жасалған шарт бойынша Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру үшін төленетін төлем Телеарнаның меншік иесі қойған төлем шоты негізінде шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштер 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап 2016 жылғы 14 наурыз аралығында күн сайын, жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері сағат 10.00 бастап сағат 17.00 дейін (үзіліс сағат 13.00 бастап сағат 14.00 дейін) Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4, 9-қабат, 4/1-кеңсе мекенжайы бойынша қабылданады, телефондар: 8 (7172) 55-35-54, 55-35-56, ұялы байланыс: +7 702 557 05 05.  

 «Хабар» Агенттігі» АҚ