«Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі». Ақордада осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІ сессиясы ашылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен бұл жиынның мақсаты – саяси жүйе реформасында Ассамблеяның орны мен рөлін айқындау, оның ары қарай даму векторын белгілеу.Иә, бірлік пен келісім, татулық пен достық – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы. Ал Қазақстан халқы ассамблеясы осы жолда қызмет етіп отырған бірегей саяси институт екені мәлім.«Бүгіннің» алаңында Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық-саяси міндеті мен еліміздің дамуындағы орны мен маңызы туралы сөз қозғаймыз.Студия қонақтары:1. Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;2. Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;3. Әскер Пириев, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;4. Алексей Лодочников, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, блогер;5. Ерсұлтан Жансейітов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы.