Бұл медициналық пойыз еліміздің оңтүстігі мен батысындағы шалғай станцияларға барып, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ бір айдан кейін «Саламатты Қазақстан» аталатын екінші пойыз жолға шығады. Ол еліміздің шығысы мен солтүстігі және орталық аймақтарындағы елді мекендерді аралап өтеді. Медициналық пойыз жобасы несімен маңызды? Ол халыққа қандай медициналық көмектерді көрсете алады? Қай уақытта қандай аймаққа барады? Осы сынды сан сауалға «Бүгінің» алаңында жауап айтылады.Студия қонақтары:1. Алдаберген Кемпірбаев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің бас менеджері2. Шынтас Шарапиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қорының бас менеджері3. Талғат Сәрсенбаев, хирург-уролог4. Раушан Құлжабаева, жоғары санатты педиатр5. Жұмабек Бекенов, медицина ғылымдарының докторы