Басқа жобалар ОСЫНДА
Назира Оразалиева
Режиссер
Біздің жұмыс – ұжымдық жұмыс.
Менің үшін «19» деген санның маңызы зор. Дәл осы жасымда ең алғаш рет республикалық арнаның табалдырығын аттап, телевизия атты әлемге тап болдым.
Түрлі түсірілімдер, тікелей эфирлер, тәулік бойғы жұмыс және тұңғыш тәлімгерлерім - сол сәттен бері менің өмірім ерекше өрнектелген секілді көрінеді. Телевизиялық кәсіптің қыр-сырын «Жеті күн» бағдарламасының тұңғыш режиссері, менің ұстазым Ольга Сацуктен үйрендім. «Хабарда» еңбек еткен 19 жылдың ішінде Ольга Сацуктен алған тәлімді әркез жадымда ұстап жүремін.
Қазір өзім де студияда жұмыс істеп, апталық бағдарламаға режиссерлік жасаймын. Журналистердің креативті идеяларын әдемі видеолармен көмкеріп, эфирге сапалы дүние беруге тырысамыз. Біздің жұмыс – ұжымдық жұмыс, жеті күннің ішінде болған басты оқиғаларды іріктеп, оны талдап, көрерменге ұсынамыз. Бұл тұста іркіліп қалуға болмайды.