Central Asia’s Got Talent: Нағыз талантты анықтау қазылар алқасы үшін оңайға соқпай тұр
Мұны жұртшылық «Хабар» арнасында әр жексенбі күні Central Asia’s Got Talent жобасынан біле алады. Бағдарламаның эфирге шығу уақыты сағат 19:20-ға ауыстырылды. Осы демалыс күндері жобаның үшінші шығарылымы көрерменге жол тартады.
Орталық Азияда нағыз талантты анықтау қазылар алқасы үшін оңайға соқпай тұр. Себебі іріктеу сынына келгендердің барлығы жұртшылықты таңдай қақтыру үстінде. Жезтаңдай әншілерден бастап темір майыстыратын қара күш иелеріне дейін Central Asia’s Got Talent телевизиялық жобасында бақтарын сынап, мықты атанудан үмітті.
Central Asia’s Got Talent жобасы бірден 4 мемлекеттің талантты жандарын анықтайды. Іріктеуге келгендердің қатары 200-ден асады. Олармен көрермендер «Хабар» арнасында әр жексенбі күні сағат 19:20-да таныса алады. Сонымен қатар бағдарламаны Қырғызстан, Өзбекстан және де Тәжікстан елдерінің арналары да көрсетеді. Осы аптада жобаның үшінші шығарылымы көрерменге жол тартады.
Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» арнасы бағдарламалар бөлімінің директоры:
- Бұл бағдарлама 16 эпизодтан тұрады. 16-шы бағдарлама «гранд финал» дейміз. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тікелей эфирде өтеді. Әділқазылар алқасының, біздің көрермендердің дауысы біріктіріліп, әр елдің үздігін таңдаймыз және Central Asia’s Got Talent бірінші маусымының ең үздігі таңдалады.
Ендеше Орталық Азияның ең талантты адамының кім екенін білгіңіз келсе, «Хабар» арнасын қосуды ұмытпаңыз. Өйткені бұл – елімізде бұрын-соңды болмаған бірегей жоба.
Авторлары: Риат Шони, Серік Қоңырбаев