Астанада Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының форумы өтті
Жиынға арнайы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 70-тен аса тарихшы және ғалымдар, қоғам қайраткерлері келген. Олар алдағы уақытта Орталық Азия елдерінің ортақ тарихы бойынша зерттеулерге кіріседі. Арнайы сараптама жасайды.
Ғылым және жоғарғы білім министрінің айтуынша, тартылған қаржы көлемі мен бөлінген түрлі гранттар саны артады. Одан бөлек, Орталық Азияның тарихына қатысты Қытай, Ватикан, Иран, Ежелгі Персия, Армениядағы түрлі дерек көздері қайта зерттеледі.
Тағы бір сүйінші хабар бар. Шығыстану институты мен Ватикан апостолия кітапханасының арасындағы келісім аясында тұңғыш рет отандық тарихшылар Х ғасырдағы деректерге қол жеткізе алады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Бұрын бізге жабық болған, ешқашан қол жеткізбеген, арнайы архивтер мен мұражайлар бізге қолжетімділікті сақтап, ашады. Мысалы, Х ғасырдан бастап көптеген доминикант миссиялары келген болатын. Миссиялық мақсатпен елімізге. Сол миссиялардың есептері бізге беріледі. Үлкен-үлкен үміт артып отырмыз.
Жеңіспек Төлен, Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімінің басшысы:
- Бес мемлекеттің жас ғалымдары ортақ платформа құру мәселесі бойынша мәселесі талқыланады. Әсіресе жас ғалымдардың интеграциясы, ғылым саласында ортақ оқиғаларды зерттеу, ортақ жобаларды жасау мәселесі талқыланады.