Мемлекет Басшысы бойынша барлық жаңалықтар
Қабду Кәрменов Белоруссия, Украина жерлерін азат ету жолындағы шайқасқа қатысқан. «Майданда белгілі бір қызметті еншілеу деген жоқ. Кім жараланып немесе оққа ұшса, соның орынына тұра қалып, жауға шабасың. Ұрыста тұрыс жоқ», -дейді ардагер.
Семейлік ардагер Ғаболғазиз Ахмеров Батыс Еуропаны фашистерден азат етуге қатысқан. Бірнеше орден, медальдердің иегері.
Сүлеймен Өрікбаев – Жалағаш ауданы, Ақсу елдімекеніндегі көзі тірі жалғаз Ұлы Отан соғысының ардагері. Қарт жауынгер Елбасының құттықтауын алып, қуанып қалды.
Қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Кузнецов Польшаны азат ету шайқасында ауыр жараланған. Батыр жауынгер елге оралған соң да қарап жатпай, энергетика саласында ұзақ уақыт жемісті еңбек еткен.