АЭФ-те алғаш рет MeYou технологиясы қолданылуда
Арқа төрінде өтіп жатқан маңызды жиын жайлы ақпарат таратуға елордаға 1 мыңнан астам журналист келген. Оның 120-сы шетелдік. Осыдан-ақ форумның ауқымдылығын байқауға болады. Жалпы шарада БАҚ өкілдеріне қандай жағдай жасалынған?
Джеймс Руссо испандық «EFE» ақпараттық агенттігінің тілшісі. БАҚ саласында еңбек етіп жүргеніне 30 жылдан асты. Қазақстанда өтіп жатқан түрлі шараларға қызығушылық танытып, болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты жиі таратып тұрады. Олардың қатарында әрине бүгінгі Астана экономикалық форумы да бар.
Джеймс Руссо, «EFE» ақпараттық агенттігінің тілшісі:
- Менің ойымша, мұндай ауқымды шараны өткізу – Қазақстан үшін үлкен бастама. Себебі елдеріңіз «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдаған. Оны жүзеге асыру үшін шартараптан осылай мамандарды шақырып, тәжірибелерін көру өте маңызды.
Жалпы форум туралы ақпарат тарату үшін БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған. 100 ноутбук қойылған баспасөз-орталығы жұмыс істейді. Интернетке шығу мүмкіндігі бар. Тағы бір жаңашылдық Астаналық экономикалық форумында алғаш рет MeYou технологиясы қолданылуда. «Бұл – журналистер үшін таптырмас көмекші», – дейді жоба авторлары.
Степан Данилов, құрастырушы компанияның бас директоры:
- Бұл – заманауи жаңа технология. «Прокси-журналистика» деп аталады. Баламасы әлемде жоқ. Бұл жерде панельдік сессияларда спикерлердің айтқан сөздері бірден ортақ порталға шығарылып отырады. Бір сөзбен айтқанда біз журналистердің жұмысын жеңілдетіп отырмыз.
Айта кету қажет, мамырдың 17-і мен 19-ы аралығында өтетін Астаналық экономикалық форумына 1 мыңнан астам журналист жиылған. Оның 120-сы шетелдік.