Алдағы 15 жылда инновациялық төңкеріс болады
«Үздік технологиялар символына айналған кремний алқабының баламасын жасауға ұмтылған елдер ең алдымен қаржыландыру тәртібін ұғынуы тиіс», – дейді экономистер.
Илья Стребулаев, Стэнфорд жоғары бизнес мектебінің профессоры /АҚШ/
-Бизнес әлемі инновацияларды ескермейтін болса, мұның соңы үлкен тәуекелге алып келеді. Себебі қазір стартаптар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тез көбеюде. Жаңа әлеуметтік желі немесе қосымша жобасының өзі қыруар қаржы тауып отыр. Инновациялық революция бүкіл әлемді жаулап алады.