Хабар телеарнасы

Қазақстандық хоккейшілер алғаш рет Құрлықтық кубок жеңімпазы атанды

Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды. 17 елдің чемпиондары бақ сынаған байрақты додада көкшетаулық команда жарыстың финалында Польшаның «Катовице» командасын 4:2, ал Беларусьтің «Гомель» командасын 8:2 есебімен ойсырата жеңді.

«Арлан» – қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокке қол жеткізген алғашқы команда. Жарыс жеңімпаздарын жанкүйерлері әуежайда күтіп алды.