Астанада Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті
Оның ашылу салтанаты Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деген атаумен өтіп, оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Елбасы «Нұр Әлем» павильонына жиналған жастарды мерейлі жылмен құттықтады.
Ел жастарын жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Мысалы, енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен елді мекендерге баратын жастардың жәрдемақысы 100 АЕК көлеміне дейін артпақ. Бұдан бөлек, Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Айталық, Үкімет пен жергілікті билік жастар мәселесін шешуге арналған Жол картасын әзірлейді. Нұрсұлтан Назарбаев баспана, жұмыс, білім беру секілді кейінгі буын үшін ең өзекті саналатын 4 мәселені атап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Гүлжан Марқабаева, тілші:
- Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 28 жыл. Яғни осы жылдар ішінде азат ойлы, көзқарасы еркін, жаңа формациядағы қазақстандықтардың алғашқы буыны өсіп жетілді. Олар өзгеше. Олар – тәуелсіздіктің ұрпақтары. Бүгінгі шараның атауының астарында тұтас тарихпен қоса сол жаңа буынға жүктелер жауапкершілік жатыр.
Жас жүректерді жарып шыққан әнұран. Бүгін ерекше әсерлі, ерекше жігерлі. Бұл жерге Елбасымен жүздесуге белсенді, талантты, табысты жастар жиналды. Ондай жастар Қазақстанда аз емес, барлығының басын қосса, мына залға симайтыны анық.
Еліміздегі жастардың саны 4 млн төңірегінде. Жұмысқа қабілетті адамдардың тең жартысын жастар құрайды. Яғни экономиканың тірегі – осылар. Бұлар – Қазақстанның келешегі. Тәуелсіздік жылдарында жауқазындай жайқалып өсіп шыққан бұл буын – Қазақстанның байлығы. «Сендер – Мемлекет басшысы ретіндегі менің жұмысымның басты нәтижесісіңдер», – деді Президент жастарға қарап. Біле білгенге бұл сөздің астарында үлкен қамқорлық, жылы жанашырлық жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ата-бабамыздың арманын орындап, біздің буын тәуелсіздік орнатты. Әрбір адам саясатқа келгенде, әсіресе ел басқарамын деген үміті болса, оның халыққа жолдайтын ойы болуы керек. Жоспары болуы керек. Сол жоспарды іске асырып, нәтижесін көрген саясаткер бақытты. Істеп жатқан жұмыстың бәрін айта беруге болады. Тәуелсіздігімізді алдық, экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын арттырдық, мәдениетін, денсаулығын көтердік, Астананы салдық. Бірақ ішіндегі ең негізгі жетістік – сендерді, жас буын қазақстандықтарды тәрбиелеп шықтық.
Қазақстанды дамушы 30 елдің қатарына жетелейтін бүгінгі жастар. Сондықтан олардың табысты болмағы керек. 23 жастағы Расул Абдуллаев – табыстың кілтін тапқан жас кәсіпкер. 4 млн аудиториясы бар интернет жобаның авторы. Бүгін ол Президентке алғыспен қоса, ұсыныс да айтты.
Расул Абдуллаев, жас кәсіпкер:
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Жастар жылында жаңа жоба ұсынғым келіп отыр. Ол – елімізде Маркетинг министрлігін құру. Бұл министрлік Қазақстанның халықаралық аренада ребрендинг жасауына жол ашатын еді. Сондай-ақ ол барлық ведомстводағы пиар қызметтерді жетілдіру алаңына айналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан ары дамытуына үлес қосар еді.
Жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік. Бүгін Мемлекет басшысы «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 100 мыңға жетпек. Сондай-ақ бүгін Перзидент Үкіметке «Бизнес – 2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін бөлінетін қаржылай грант көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Үкіметке «Бизнес – 2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаражат көлемін екі есеге арттыруды тапсырамын. Осы арқылы үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жастар бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Олардың төрттен бірі немесе кем дегенде 80 мың адам өз кәсібін бастап кетеді. Бітіруші курстарда, университеттің жоғары курсында оқитын 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет. Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін үш жылдың ішінде 32 млрд теңге бөлуді тапсырамын.
Бүгін Елбасы Жастар жылын тек жариялап қана қоймай, жастарды қолдайтын қарапайым әрі түсінікті тетіктерді іске қосуымыз керек деді. Сонымен қатар жастардың жағдайын жасайтын негізгі факторларды атап өтті. Олар: қолжетімді баспана, жұмыспен қамту және сапалы білім. Осыларды шешу үшін Үкімет пен Президент аппаратына нақты тапсырмалар берді. Соның бірі – Астана, Алматы және Шымкентте жұмыскер жастарға баспана салу.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- У нас одна Алматы была, теперь Астана миллионник, теперь Шымкент миллионник. Еще на очереди стоят два города, и мы будем это делать. И в этих трех крупных городах не менее одной тысячи квартир в год для работающей молодежи будем строить. Эти квартиры должны быть отнесены к категории арендного жилья, на решение этого вопроса также направлена инициатива «7-20-25», вы ее знаете, надеюсь. Мы говорим, что кредит будет стоить 7%, не 50% надо вносить, а всего 20%. Но нужно помнить, что претендовать на такое жилье могут только работающие. Работа – основной источник благополучия. Мы хотим развивать механизм, чтобы вы не ходили с поднятой рукой к государству. Пора вам государству помогать своими делами, работой. Активное участие в создании жилищных условий для молодых должны принять предприятия всех форм собственности. Я обращаюсь ко всем крупным компаниям, и мы проследим, как будет осуществляться моя просьба. Думаю, они нас подхватят.
Еңбектің дәмі тәтті. Мұны 27 жастағы атыраулық жас фермер Тамила Розметова жақсы біледі. Ол асылтұқымды ешкі өсіріп, ірімшіктің түр-түрін жасап, сатып, пайдаға кенеліп отыр. Ол Жастар жылында нақты жобаны қолға алмақ. Бүгін ол Президенттен Астанадан алаңқай сұрады, осы көктемде елордаға суықтан қорықпайтын алма бағын екпек.
Тамила Розметова, жас фермер:
- «Алманың тарихи отаны» Қазақстан екенін Сіздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаңыздан білдім. Бүгінде кең даланың қырын біз Атырауда жандандырып жатырмыз. Біз Махамбет алмаларының атағын шығармақпыз. Жастар жылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қозғалысы нақты жобаға қолдау көрсеткіміз келеді. Осы көктемде Астанада алма бағын отырғызуға ниеттіміз. Біз аяз бен желден қорықпайтын алманың төрт арнайы түрін дайындап қойдық.
Жастар саясатының негізгі тұсы – жұмыспен қамту. Қазір әлемде 18 бен 30 жас аралығындағы 300 млн жастың тұрақты жұмыс орны жоқ. Өткен жылы Қазақстанда орта білімді 125 мың түлек тәмәмдаған. Яғни еңбек нарығына келер жастардың қатары артып келеді. Қазір елімізде жастардың 9%-ы немесе 300 мыңы не оқымайды, не жұмыс істемейді. Бүгін Президент бұл жастардың санын 1%-ға қысқартуды міндеттеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сегодня сеть организаций ТиПО увеличилась на 128 единиц, и составляет 821 колледж. С 2017 года по программе бесплатного профессионально-технического образования обучается свыше 155 тысяч молодых людей. Нужно продолжить данную работу. Это – путь к всеобщей занятости. Правительству необходимо разработать программу «Жас маман», по принципу «100/200». За три года проект охватит около 200 тысяч молодых граждан во всех регионах страны. В его рамках будет осуществляться подготовка специалистов по 100 наиболее востребованным индустриальным и сервисным профессиям на базе 200 модернизированных учебных заведений. В каждом регионе будет по-новому работать как минимум 1 передовой вуз и 10 колледжей с обновленной учебной программой и преподавательским составом, включающим иностранных специалистов.
Урбанизация үрдісінің қарқындылығына қарамастан елімізде ауыл жастарының үлесі әлі де жоғары – 43%. 2018 жылдың 11 айы ішінде ауылдан қалаға көшкен жастар саны 222 мыңнан асқан. Осы орайда Президент Үкімет пен әкімдіктерге олардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, демалыс және басқа да мәселелері бойынша көмек көрсетуді нықтап тапсырды. Сондай-ақ Елбасы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тізімін кеңейтуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ауылға көшіп барғаны үшін жастардың жәрдемақысы бұрын 70 АЕК болса, соны 100 АЕК-ке дейін көтеру керек.
Айсұлу Ерниязова – ерікті. EXPO халықаралық көрмесі осы Айсұлу секілді еріктілердің ерік-жігерінің арқасында сәтті өткенін мойындау керек. Айсұлу волонтерлік жұмысты «Рухани жаңғырудың» бір тармағы деп түсінеді.
Айсұлу Ерниязова, ерікті:
- Бүгін Елбасы Айсұлу секілді елдегі 10 мың ерікті үшін сүйінші хабарды жариялады. Мемлекет басшысы Үкіметке волонтерлікпен айналысатын студенттердің шәкіртақысын 30%-ға арттыруды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сначала надо обеспечить общежитиями ВУЗы, а потом колледжи. Чтобы в комфортных условиях студенты получали знания. Студенчество является мощным ресурсом добровольчества и благотворительности, о чем в выступлениях звучало. Это помогает молодым людям быстрее адаптироваться на рынке труда, способствует их дальнейшей самореализации. По международным оценкам, одна треть сотрудников 300 самых крупных компаний мира еженедельно тратят на волонтерство до одного часа рабочего времени. Мы об этом даже не думали. Надо специально поработать. Поэтому Правительство должно поработать над тем, чтобы повышать стипендии тем учащимся ВУЗов, которые занимаются волонтерством. Примерно на 30%. Это существенная поддержка для студентов и польза для населения.
Аграрлық сектордың өнімділігін арттыру. Нұрсұлтан Назарбаевты қазақстандық жас аграрлардың табысы таңғалдырды.
Елбасымен кездесуге әр салада табыстың кілтін тапқан жастар жиналды. Олардың арасында жас ғалым да, спортшы да, көпбалалы ана да бар. Жастардың көкейіне қонсын деген болар Елбасы жастармен ұзақ сөйлесті. Отбасылық құндылықтарды қадірлеу, ата-баба салтын ұмытпау керектігін ұғындырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Еліміз, Отанымыз бір. Ол – Қазақстан. Тәуелсіздігіміз біреу-ақ. Көздің қарашығындай соны сақтау керек, қорғау керек. Қанша буын бабаларымыз қан төгіп, аталарымыздың қанымен, аналарымыздың сүтімен, терімен келген Тәуелсіздік. Осыны қолдан шығарып алсақ, онда біз олардың аманатын орындамаған болып шығамыз. Тәуелсіздік алу бар, тәуелсіздікті қорғай білу бар. Оның бәрі сендердің, жастардың мойнында. Біз тәуелсіздікті орнаттық, қолдарыңа бердік, ары қарай ұстап қалу сендердің мойныңда. Бүгін көп жобалармен таныстық. Көп әңгіме айттық барлығымыз. Мен тыңдадым, мені тыңдадыңыздар. Осы қолға алған тың жобаларды іске асыру үшін Үкімет те, Президент те, әкімшіліктер де, жергілікті, министрліктер де бірігіп жұмыс істейміз. Осы әңгіменің жол картасын жасап, Үкіметте бекіту керек те, жариялау керек. Сіздер күш-қайраттарыңызды егемен еліміздің болашағына жұмсайтындарыңызға кәміл сенемін. Осы жолда баршаларыңа зор денсаулық, алдарыңыздан үлкен бақыт ашылсын, аман, сау болыңыздар! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп батамды беремін.
Жастар қоғамның қозғаушы күші десек, биылғы жыл тұтас Қазақстан халқы үшін ерекше жыл болмақ.