Хабар телеарнасы

Eurovision-2020 халықаралық шарасы «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі

Ән байқауы 1956 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл ұйымдастырушылар COVID-19 пандемиясына байланысты оның кейінге қалдырылғанын хабарлаған еді. Алайда жобаның атқарушы продюссері Ситце Баккер жақында көрермендер үшін сүйінші жаңалығымен бөлісті. Ол қалыптасқан жағдайға орай осы жылы шара онлайн форматта болатынын айтты.

Сонымен қатар халық әртісі Майра Мұхаметқызының медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында айтқан әніне «Хабар» Агенттігі бейнеклип түсірген болатын. Туынды көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті әлемдегі ең ірі медиа ұйым Азия-Тынық мұхитының Бас хатшысы Джавад Моттаги арнамызға алғысын білдірді.

Енді бұл бейнеклип одаққа мүше елдердің телеарналарында көрсетілмекші. Айта кетейін, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына «Хабар» Агенттігі де мүше. АBU одағына 69 мемлекеттің 272 телерадиокомпаниясы кіреді.