Болатбек Молдағалиев

Болатбек Молдағалиев
  • 6539
  • 20.12.2014, 15:05

1972 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданының Ақсай ауылында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің инженер-механик бөлімін тәмамдаған. Телевидение саласында 1993-ші жылы келген. 

Алғашқы еңбек жолын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында декоратор болып бастаған. Кейін операторлық қызметке ауысқан. Бірнеше жыл «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Ақтөбе облысындағы тілшілер қосынында телеоператор болып жұмыс жасады. Сүйікті ісі - бау-бақша күтімімен айналысу және балық аулау. «Сұлтан Бейбарыс» және «Қыз Жібек» фильмдерін сүйіп қарайды. 

Адамдардың бойынан адамгершілік пен қарапайымдылықты көргісі келеді. Екіжүзділік пен сатқындықты жек көреді. Еркін киінгенді ұнатады. Ұлттық тағамдарды сүйіп жейді. Елінің тыныштығы мен отбасының амандығын тілейді.