Өндірістік қамтамасыз ету дирекциясының Сатып алу бөлімінің жетекші маманы

  • 374
  • 24.04.2025, 11:06

Өндірістік қамтамасыз ету дирекциясының Сатып алу бөлімінің жетекші маманы

 (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Кунаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қызметін реттейтін заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
2) мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Қоғамның заң қызметімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын дайындау мен талдауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен белгіленген барлық есептілік нысандарын дайындауды жүзеге асыру, олардың мазмұнындағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
4) сот шешімдерінің негізінде мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушыларының тізіліміне ақпарат енгізу;
5) Мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға хат жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
6) өзі жүргізген мемлекеттік сатып алуларға қатысты құжаттардың тиісті есебін, жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз етеді, оларды белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдеу;
7) Қоғам атынан уәкілетті өкіл ретінде мемлекеттік сатып алулар веб-порталында және басқа интернет-порталдарда үшінші тарап ұйымдары жүргізетін сатып алуларға қатысу;
8) жұмыс барысында анықталған кемшіліктерді талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар беру;
9) Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Сатып алу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу

Не ұсына аламыз:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.                                            

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.