Өңірлік тілшілер желісі департаментінің Қонаев қ. тілшілер қосынының меншікті тілшісі
(уақытша)
Локация
Қонаев қаласы, 2 ш/а, 44 үй
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) алдағы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;
2) өңірде болып жатқан оқиғаларға жедел ден қояу;
3) түсірілім үшін себептердің пайда болуына қарай алдағы түсірілім туралы бөлімше директорын хабардар ету;
4) түсірілім үшін оқиға орнына, оның ішінде негізгі жұмыс орнынан тыс жерлерге шығу;
5) оқиға орнына келген соң дереу ақпарат жинауға кірісу, түсірілім тобының, телеоператордың, бөлімшенің ЖТС инженерінің жұмысын ұйымдастыру;
6) күтпеген жағдайлар туындаған кезде қол жетімді байланыс құралдарының көмегімен көзделген түсірілім шарттарының (уақыты мен орнының) өзгергені туралы бөлімше директорына хабарлау;
7) түсірілім аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде материалды өңдеуге және бөлімше өңірлерінің редакторларына уақтылы беру үшін мәтін жазуға кірісу;
8) тікелей қосу үшін ақпаратты уақтылы дайындау;
9) қажет болған кезде материалдарды тікелей эфирге беру кезінде ЖТС режиссерінің функцияларын жүзеге асыру;
10) алынған ақпараттың дұрыстығын бақылайды;
11) бөлімше өңірлерінің редакторларына бекітуге мәтін ұсынады, содан кейін оны монтаждауға кірісу;
12) монтаждау сапасын оның барлық сатыларында бақылау;
13) өңірлерден қоғамның телеарналарының редакциясына ақпаратты, мәтіндерді сюжеттер мен бейнелерді жедел беруді қамтамасыз ету;
14) бөлімше директорының тапсырмасы бойынша өз материалдарын уақтылы және сапалы дайындау;
15) Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша материалдарды жинақтау және редакциялау және көрермендердің өтініштерімен жұмыс істеу;
16) Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша Қоғамның телеарналарының өз бағдарламаларын шығару үшін материалдар, сюжеттер дайындау;
17) бейнематериалды дайындау кезінде тілдің грамматикасы мен стилистикасының талаптарын сақтау, дикция ережелерін басшылыққа алу, есімдердің дұрыс жазылуын тексеру және сақтау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Теледидар саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.
Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.