Экономика және қаржы департаменті Жоспарлық-экономикалық бөлімінің бас маманы
(тұрақты)
Локация
Астана қаласы, Кунаев көшесі 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) мемлекеттік тапсырманы, қоғамның даму жоспарын және түзетулерді, даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті, түсіндірме жазбаны орындау шеңберінде шығыстар сметасын қалыптастыру үшін есептерді жинауды және дайындауды уақтылы жүзеге асыру;
2) ағымдағы күнтізбелік жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарының оның даму жоспарына және Қоғамның ағымдағы жылға арналған бюджетіне сәйкестігіне талдауды уақтылы жүзеге асыру;
3) қоғамның даму жоспарының орындалуы туралы есептерді уақтылы және сапалы жасайды, шығындардың жетекшілік ететін баптары бойынша ауытқуларға талдау жүргізу;
4) құрылымдық бөлімшелерге бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету;
5) мемлекеттік тапсырманы және түсіндірме жазбаны орындау шеңберінде Қоғамның шығыстар сметасының жинағын уақтылы қалыптастыру, сондай-ақ сметаға нақтылаулар енгізу;
6) Қаржы-экономикалық блок мәселелері бойынша Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды, құрылымдық бөлімшелердің бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсетету;
7) жоспарлы тапсырмалар мен қаржылық көрсеткіштерді Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы және сапалы жеткізуді қамтамасыз ету;
8) қоғамның шығыстарын, ақша қаражаттарының қозғалысын талдауды және бақылауды уақтылы жүзеге асыру;
9) салынған инвестициялардың тиімділігіне талдау жүргізу;
10) теледидар өнімдерін өндіруге арналған лимиттерді белгілеу бойынша шығыстарға талдау және ұсыныстар енгізуді жүргізу;
11) мегажобаларды өндіруге арналған шығыстарға талдау жүргізу;
12) телевизиялық жобаларды өндіру бойынша шығыстар сметасын талдауды және олар бойынша қорытынды жасауды уақтылы және сапалы жүзеге асыру;
13) бөлімшенің құзыретіне кіретін бұйрықтарды, өкімдерді, ережелерді және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді жүзеге асыру;
14) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және уәкілетті органның сұрау салулары бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру;
15) басқа мемлекеттік органдармен және меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдармен хат алмасу кезінде – бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттар жобасын дайындауды жүзеге асыру.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Экономика және жоспарлау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Өтемақы пакеті
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.
Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.