Экономика және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің Есепке алу секторының жетекші маманы (уақытша)

  • 26
  • 02.07.2026, 18:03

Лауызым

 

Экономика және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің Есепке алу секторының жетекші маманы (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1. бастапқы бухгалтерлік құжаттарды және оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды, олардың дұрыс рәсімделуін тексереді және жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің келіп түсуіне байланысты барлық операцияларды ақпараттық жүйеде көрсетеді;

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен өткізудің бухгалтерлік есебін жүргізеді;

3. осы лауазымдық нұсқаулықта белгіленген функционалға сәйкес Қоғамның мүлкі, міндеттемелері және шаруашылық операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді;

4. заңнама мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғам мүлкінің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

5. салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, алименттердің, атқарушылық іс жүргізу бойынша ұсталымдардың және басқа да төлемдердің уақытылы ұсталуына және төленуіне бақылауды қамтамасыз етеді;

6. бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша (қоршаған ортаға эмиссиялар, жеке табыс салығы және ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді және төлейді;

7. ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерді есептейді және жүзеге асырады;

8. Қоғам жасасатын шарттарды күн сайын тіркейді;

9. 1С есепке алу жүйесінде тауарлық-материалдық қорлардың қоймалар арасында (материалдық жауапты тұлғалар арасында) немесе құрылымдық бөлімшелер арасында кіріске алынуын және орын ауыстырылуын рәсімдейді;

10. тауарлық-материалдық қорларды шығыстарға немесе өндіріске есептен шығаруды, материалдар мен тауарларды өткізуді рәсімдейді;

11. материалдық жауапты тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды, ведомость негізінде тауарлар мен материалдарға тексеру жүргізеді;

12. қоймалардағы тауарлық-материалдық қорлардың өзекті қалдықтарына мониторинг жүргізуді және есепке алу жүйесіндегі деректердің нақты қалдықтармен сәйкестігін салыстыруды қамтамасыз етеді;

13. ауытқуларды анықтау, артықшылықтар мен жетіспеушіліктерді талдау және оларды есептен шығару мақсатында «Салыстыру ведомостарын» қалыптастырады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік білім. Бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, «Есеп және аудит» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білімге жол беріледі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары білімі болған жағдайда қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Кәсіби дағдылары:

Қазақстан Республикасының салық, еңбек және қаржы заңнамасын білу.

Microsoft Office (Word, Excel және т.б.) бағдарламаларымен жұмыс істеудің жоғары деңгейдегі дағдылары, электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізуге арналған бағдарламаларды (1С:Бухгалтерия және соған ұқсас жүйелер) білу.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер!
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.