Хабар телеарнасы

"Хабар" арнасы ақпараттық-талдамалық бағдарламалар қызметі арнайы жобалар бөлімінің продюсері (уақытша орын)

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

«Хабар » арнасының арнайы жобалар бөлімі

Локация

Астана  қаласы, Кунаев  к., 4

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

5/2

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) СИАП арнайы жобалар бөлімінің бағдарламаларын жоспарлау, өндіру және эфирге шығару бойынша жұмысты уақтылы және сапалы жүзеге асыруға, оларды өндіруге арналған шығындардың алдын ала сметасын жасауға, материалдармен, техникалық және қойылым құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды процестердің бекітілген схемаларына қатаң  сәйкес жүргізуге;2) бағдарламалардың тақырыптарын СИАП арнайы жобалар бөлімінің бас редакторына, арнаның СИАП басшысына ұсынуға;3) арнайы жобалар шығару үшін шығармашылық топ құру;4) түсірілім кестесін және бағдарламалардың жазбаларын жасау;5) арнаулы жобаларды өндіруге тартылған өз құзыреті шеңберінде арна СИАП арнаулы жобалар бөлімінің корреспонденттерінің, режиссерлерінің, өзге де қызметкерлерінің қызметін үйлестіруге; 6) корреспонденттер, режиссерлер арасында арнайы жобаларды өндіру және тақырыптарды әзірлеу жөніндегі жұмысты бөлуге;7) күннің ақпараттық бейнесін қадағалау және арнайы жобаларды дайындауды жүргізу;8) СИАП арнайы жобалар бөлімінің бас редакторының немесе СИАП басшысының тапсырмасы бойынша арнайы жобаларға эксклюзивті спикерлердің қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;9) қонақтарды, актерлерді, сарапшыларды, арнайы жобаларға қатысушыларды іріктеуге жауап беруге, арнайы жобаларға қатысуға шақырылған қонақтардың кездесуін қамтамасыз етуге; 10) бағдарламаларды шығаруды жоспарлау кезінде ақпараттық күн тәртібін қадағалауға, ақпаратты СИАП арнайы жобалар бөлімінің бас редакторына және СИАП басшысына хабарлауға;11) СИАП арнайы жобалар бөлімінің бас редакторын, СИАП басшысын, арна басшылығын технологиялық ақаудың барлық жағдайлары туралы, сондай-ақ жауапты тұлғалардың кінәсінің дәрежесі туралы хабардар етуге міндетті;12) әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының, министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, мұрағаттардың, кез келген өзге де ақпарат көздерінің баспасөз қызметтерімен және қызметкерлерімен байланыс орнатуға және қолдауға, сондай-ақ инсайдерлердің жеке пулын құруға.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Педагогикалық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Өнер магистрі дәрежесінің болғаны абзал.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

БАҚ, теледидар, кино түсіру, қоғаммен байланыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсету).

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.      

                                              

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.