Хабар телеарнасы
ДАНИЯР СМАДИЛОВИЧ МЕНИЛБЕКОВ

ДАНИЯР СМӘДІЛҰЛЫ МЕҢІЛБЕКОВ

«Хабар» Агенттігі » АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

1975 жылы 9 қаңтарда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетін «Шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия университетінің экономика факультетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі: 1996-1999 жж. аудармашы болып жұмыс істеді.

1999-2000 жж. – «НТК» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, 2000-2005 жж. - «Алматы – Оңтүстік астана» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, бағдарламалардың жүргізушісі.

2000-2011 жж. – «Русское радио Азия» журналисі, жауапты редакторы, бас редакторы.

2005-2010 жж. - «Хабар» телеарнасында «Ақшаң болса» бағдарламасының жүргізуші-редакторы, «Қазақстан» телеарнасындағы «Капитал әліппесі» және «Бизнес ақпарат» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы.

2011-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз хатшысы.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы.

2016-2017 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-менеджері.

2017-2018 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері.

2017-2019 жж. – «Qazaqstan» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсер-жүргізушісі.

2019-2020 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма кеңсесінің бас менеджері.

2020-2022 жж. – «ҚазАэроНавигация» РМК бас маманы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі.

05.2022-08.2022 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ Стратегиялық даму және медиажоспарлау департаментінің директоры.

2022 жылғы 4 тамыздан «Хабар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Хабар», «24 KZ» телеарналарының, өңірлік тілшілер желісі департаментінің, Қоғамның Алматы филиалының жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Алғыс хаты - 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты – 2019 ж.,

«Назарбаев Университеті» Президентінің Алғыс хаты – 2017 ж.,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты – 2012 ж.,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы – 2011 ж.

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.