«Қара жәшік»
Қалалық мектептердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Оқу үздігі, өте тәрбиелі 11-сынып оқушысы Айым өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болады.
Мектеп басшылығы мен ұстаздардың тұжырымы бойынша өлімнің басты себебі – әлеуметтік желіде тараған қауіпті ойын. Осы оқиға туралы хабардар болған полиция капитаны бұл істі анықтауды өз қолына алады. Сол арқылы өз қызының өліміне байланысты жауаптарды да таппақшы.
Әр адамның ішінде ашылмаған ҚАРА ЖӘШІК бар...