«Мерейлі отбасы 2021». Құрмет әулеті /Ақмола облысы
Құрмет Нұрсұлтанұлы 1954 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Бұйынты жерінде Нұрсұлтан-Әулиет есімді қарапайым шаруалардың шаңырағында дүниеге келген. Сегіз сыныпты аяқтаған соң, мұғалімдер дайындайтын арнайы техникумға жолдама алады. Сонда оқып жүргенде әскерге шақырылып, үш жыл Отан алдындағы борышын өтейді. Құрмет атамыз бен Қамиза апамыздың отасқандарына биыл 43 жыл. Олар алты баладан 16 немере сүйіп отыр. Қариялар шаңырақтың қазығы болса, өсіп-өнген ұрпағы – сол әулеттің баға жетпес қазынасы. Бірлігі бекем, берекесі мол шаңырақ адал қызмет етуден шаршаған емес.