Қарағанды мен Ақмола облысына гуманитарлық көмек жіберілді
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге Астана қаласынан гуманитарлық көмек жіберді. 10 тоннадан астам жүк Қарағанды мен Ақмола облысына жеткізіледі.
Киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, жылы киімдер, дәрі-дәрмек пен азық-түлік түріндегі көмекті этномәдени орталық өкілдері жинап берген. Олардың бұл бастамасына тұрғындар мен демеушілерде қолдау көрсетіпті.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық өңірде өз штабын ашқан. Сондағы еріктілер азаматтардан заттарды қабылдау және қажетті аймаққа жеткізу ісін ұйымдастырады.
Акбаржан Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Біз өзіміздің әріптестерімізді жіберіп жатырмыз. Қарағанды облысына мен өзім барамын. Жалпы ол жерде штаб құрылған ғой. Сол жерге барып халықпен кездесіп, таратып, өз көзімізбен көреміз.