Хабар телеарнасы

Ақмола облысында санэпидемиологиялық талаптарды бұзған мектептерге айыппұл салынды

Ақмола облысындағы білім ошақтарында санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталмаған. Прокурор тексерісінен кейін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4,5 млн теңге айыппұл салынды. Яғни асханада жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері сақталғаны  және кейбір мамандардың медицина кітапшалары болмағаны анықталған. Сондай-ақ мектептерде сабақ арасындағы үзіліс кестесінің дұрыс жасалмағаны белгілі болды.

Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Прокурор тексерісінен кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425 бабының бірінші тармағы бойынша 22 адамға айыппұл салынып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Білім беру мекемелерінің басшылығы анықталған олқылықтарды жоюға міндеттелді.