Хабар телеарнасы

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау: шектеу тек санада болады

Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі шеңберінде мүгедектігі бар адам базалық деңгейде бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етіледі, жұмыс істейтін азаматтар үшін қосымша еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде төлемдерді сақтандыру компаниялары жүзеге асырады.

Мүгедектігі бар адамдар оңалту бағдарламаларымен және компенсаторлық-техникалық құралдармен қамтылған.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам үшін мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

https://gfss.kz/kk/