Жаңа телевизиялық маусымда «Хабар» эфирінен шығатын жобалардың бірі – «Бізге ХАБАРласқан» бағдарламасы осыған дейін шығып келген, көрерменнің оң бағасын алған «Біздің назарда» хабарының жаңартылған нұсқасы.
Бағдарламада қоғамдағы өзекті мәселелер мен қордаланған проблемалардың шешімі талқыланады.
Журналистік ізденіс пен оперативтілік және нақтылыққа құрылған жоба. Авторлары тың тақырыптар талқылап, әлеуметтік мәселелерді жан-жақты зерттейді, сан сауалдарға жауап іздейді.