Хабар телеарнасы

«Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі. Күнделік. 1-шығарылым

Жылдың ең сәтті шыққан әндерін, ең тәтті болған сәттерін, ең шебер әншілерді, ең мықты ақындарды, бір сөзбен айтқанда үздіктердің үздігін анықтайтын жалғыз жоба ғана бар елімізде.

Ол – «ЖЫЛ ТАҢДАУЫ».

Ендеше өнер адамдары мен олардың жанкүйерлері үшін басты жобаға айналған «ЖЫЛ ТАҢДАУЫның» күнделіктерін назарларыңызға ұсынамыз!